Accessibility links

Пәкістанда террорлық шабуылдан кемінде тоғыз адам өлген


Содырлар шабуылы кезінде жараланған адамды ауруханаға әкеле жатыр. Пешавар, Пәкістан, 1 желтоқсан 2017 жыл.
Содырлар шабуылы кезінде жараланған адамды ауруханаға әкеле жатыр. Пешавар, Пәкістан, 1 желтоқсан 2017 жыл.

Пәкістанның Пешавар қаласында ауыл шаруашылығы университетінің жатақханасына жұма күні таңертең жасалған шабуыл салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Жергілікті полиция басшысының айтуынша, қарулы содырлар университет қалашығына жүздерін жасыру үшін пәренжі киіп, авторикшаға отырып келген.

Әскерилердің баспасөз қызметі оқиға болған жерге жеткен полиция мен қауіпсіздік күштері жатақханаға шабуылдағандармен шамамен екі сағаттай шайқасып, түгелдей көзін жойды деп хабарлады.

Шабуылға жауапкершілікті Пәкістанда тыйым салынған "Техрик-и-Талибан" террорлық ұйымы алған. Ұйым өкілі Мохаммед Хорасани содырлардың нысанасы - Пәкістан барлау қызметінің (ISI) ғимараты болғаны туралы мәлімдеген.

"Техрик-и-Талибан" террорлық ұйымы 2014 жылғы 17 желтоқсанда Пешавардағы мектепке шабуылдап, 132 оқушы мен тоғыз мұғалімді өлтірген. Бұл ел тарихындағы ең үлкен қантөгіске әкелген шабуылдардың бірі болып қалды.

Пешавардағы университетке жасалған шабуыл туралы видео:

XS
SM
MD
LG