Accessibility links

АҚШ сенаты салық реформасы туралы заң жобасын қабылдады


Вашингтондағы Капитолий ғимаратының күмбезі.
Вашингтондағы Капитолий ғимаратының күмбезі.

АҚШ сенаты республикашыл партия әзірлеген салық реформасы туралы заң жобасын қабылдады. 51 сенатор жобаны қолдап, 49 сенатор (арасында бір республикашыл бар) - қарсы дауыс берген.

Заң жобасы елде салық төлеушілерге салынатын салықты 1980 жылдардан бергі кезеңдегі ең үлкен мөлшерге азайтуды көздейді. Мысалы, кәсіпорындардың пайдасына салынатын салық 35 пайыздан 20 пайызға дейін азайтылмақ. Жеке салық төлеушілер 2025 жылға дейін салық жеңілдігін пайдаланатын болады.

Жобаға қарсылық білдірушілер салық реформасы тек ірі бизнес пен бай адамдарға ғана тиімді деп санайды. Сонымен бірге, олардың пікірінше, бұл реформа бюджет тапшылығын бір триллион долларға ұлғайтады.

АҚШ президенті Дональд Трамп заң жобасына рождество мерекесіне дейін қол қоюды жоспарлап отырғаны туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында хабарлады.

XS
SM
MD
LG