Accessibility links

Трамп кеңесшісі: Солтүстік Кореямен соғыс болу қаупі ұлғайды


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастер.

Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастер Пекинді Пхеньянға мұнай сатуға толық тыйым салуға шақырды. Оның мәлімдеуінше, кедей, бірақ ядролық қаруға ие Солтүстік Кореямен соғыс болу ықтималдығы "күн өткен сайын өсіп барады".

Макмастер қазіргі кезде проблеманы қарулы жанжалға бармай-ақ шешуге мүмкіндіктер барын мойындады. Алайда, президент Дональд Трамптың кеңесшісінің мәлімдеуінше, "уақыт бәлендей көп қалған жоқ".

Бірнеше күн бұрын Солтүстік Корея кезекті мәрте құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағын өткізгеннен кейін Пхеньян енді АҚШ территориясына соққы бере алатыны туралы мәлімдеген. Бұл қауіп-қатерге байланысты Пентагон АҚШ-тың батыс жағалауына қосымша қорғаныс жүйелерін орналастыру мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. Reuters мәліметінше, бұл жүйелердің құрамында Оңтүстік Кореяға орналастырылған тәрізді, атмосфераның үстіңгі қабатында тосқауыл жасай алатын зымыранға қарсы кешендер болуы ықтимал.

Солтүстік Кореяның биліктегі партиясының "Нодон синмун" басылымы жексенбі күнгі санында АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлесіп өткізген әскери-әуе жаттығуларын Солтүстік Кореяға қарсы "толық көлемді ашық арандату" деп атап, ол "кез-келген сәтте ядролық соғысқа ұрындыруы мүмкін" деп мәлімдеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG