Accessibility links

Киевте Порошенкоға импичмент жариялауға шақырған марш өтті


Киевте Украина президенті Петр Порошенкоға импичмент жариялауды талап еткен марш. Киев, 3 желтоқсан 2017 жыл.
Киевте Украина президенті Петр Порошенкоға импичмент жариялауды талап еткен марш. Киев, 3 желтоқсан 2017 жыл.

Грузияның бұрынғы президенті, "Жаңа күштер қозғалысы" партиясының жетекшісі Михаил Саакашвили Киевте кезекті рет жақтастарын көшеге шығарып, марш өткізді. Президент Петр Порошенконың отставкаға кетуін талап еткен "Халықтық импичмент" акциясына үш мыңнан бес мыңға дейін демонстрант қатысқан.

Қатысушылар Украинада Еуромайдан толқуларынан бері төрт жыл өтсе де, елде ешнәрсе өзгермегенін айтады

Екі ай бойы парламент ғимараты алдында шатыр тігіп, депутаттарды қол сұғылмушылық құқығынан айыруды, коррупцияға қарсы сот құруды және жаңа сайлау жүйесін құруды талап етіп жатқан белсенділер жаңа тағы бір талабын білдірді. Ол - Украина президенті Петр Порошенкоға импичмент жариялау жөніндегі заң қабылдау.

Саакашвили Порошенко Бас прокуратураға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне өзін тұтқындау жөнінде тапсырма бергенін айтады. 30 қарашада Украинаның мемлекеттік миграция қызметі Саакашвилидің 2018 жылдың 1 наурызына дейін Украинада жүруіне рұқсат берген. Бірақ ол кез келген уақытта өзін Грузияға немесе Польшаға депортациялау мүмкін екенін жоққа шығармайды.

XS
SM
MD
LG