Accessibility links

Түркіменстанда ұн тапшы бола бастады


Ашғабадтағы базарлардың бірі (Көрнекі сурет).
Ашғабадтағы базарлардың бірі (Көрнекі сурет).

Түркіменстанның бірқатар аймағында ұн тапшылығы байқала бастады деп хабарлайды өз дереккөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Түркімен редакциясы. Ашғабадта "Туркменбакалея" мемлекеттік дүкендер желісінде шетелде шыққан ұн мүлдем сатылмайды. Жергілікті өндірушілер шығаратын жоғары сортты ұн да тапшы. Дереккөзінің айтуынша, ең көп тұтынылатын, Ресейде немесе Қазақстанда шығарылған ұн қазір сирек сатылады және кейбір жекеменшік дүкендерде ғана бар.

Ашғабадтағы мемлекеттік дүкендердің қызметкерлері жоғары сорттыұн тапшылығына сұраныстың көп болуы себеп екенін айтады. "Бізде ұн сатуды шектеу туралы нұсқау жоқ, сондықтан ұн қалай түседі, солай бірден сатамыз" дейді олар.

Мары және Ахал облыстарында жоғары сортты ұн бағасы екі есеге қымбаттаған. "Осыған дейін жоғары сортты бір қап ұнның бағасы 50 манат болса (14 доллар шамасында), қазір 100 манат" дейді сұхбат беруші. Ол көбіне мұндай бағаға да ұн табылмай қалатынын айтады.

Марыдағы дереккөздің сөзінше, Мары мен Түркіменабад арасында жолаушы тасымалдайтын көлік жүргізушілері қосымша ұн тасумен де айналысып жатыр. Аймақ тұрғындары ұн тапшылығынан қорқып, қор жинап жатыр.

Азаттыққа сұхбат берген тұрғындар әсірсе қазақстандық ұнға сұраныс жоғары екенін айтады.

XS
SM
MD
LG