Accessibility links

Өзбекстанда бұрынғы саяси тұтқын Мурод Жураев қайтыс болды


21 жыл түрмеден отырып шыққан саяси тұтқын Мурод Жораев (сол жақта) және өзбекстандық құқық қорғаушы Васила Иноятова. Ташкент, 12 қараша 2015 жыл. Сурет Васила Иноятованың Facebook парақшасынан алынды.
21 жыл түрмеден отырып шыққан саяси тұтқын Мурод Жораев (сол жақта) және өзбекстандық құқық қорғаушы Васила Иноятова. Ташкент, 12 қараша 2015 жыл. Сурет Васила Иноятованың Facebook парақшасынан алынды.

Өзбекстанда "Эрк" демократиялық партиясының мүшесі, бұрынғы саяси тұтқын Мурод Жураев 65 жасында қайтыс болды.

Ташкенттегі тәуелсіз журналист Абдурахман Ташановтың хабарлауынша, Мурод Жураев 4 желтоқсан күні түскі астан кейін, аяқ астынан қаза тапқан.

Соңғы айда Мурод Жураев ауыр кеселінен емделу үшін Германияға кетуге дайындалып жүрген. Жураев биліктің Өзбекстан азаматтарына шетелге шығуға беретін рұқсатын екі жыл күтіп, оны 7 қазанда әзер алған еді.

Мурод Жураев тәуелсіз Өзбекстан тарихында түрмеде ең көп отырған азамат. Ол өмірінің 21 жылын темір торда өткізіп, бостандыққа 2015 жылдың қараша айында шыққан.

Өзбекстан парламентінің бұрынғы депутаты, Қашқадария облысы Мубарек қаласының бұрынғы мэрі Мурод Жураев 1994 жылы қыркүйекте қамауға алынып, кейін "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деген айыппен 12 жылға сотталған. Бірақ жаза мерзімі аяқталар кезде өзбек билігі түрлі себеппен оған қосымша айыптар тағып, түрмеде ұстау мерзімін ұзартып келген. Саяси тұтқын Шыршық қаласындағы 64/6 түрмесінде отырған.

XS
SM
MD
LG