Accessibility links

Құқық қорғаушы: Мүгедек балалар құқығы сақталмайды


Құқық қорғаушы Айгүл Шәкібаева Алматыда мүгедек балалардың құқығын қорғау туралы өтіп жатқан жиында сөйлеп тұр. 7 желтоқсан 2017 жыл.
Құқық қорғаушы Айгүл Шәкібаева Алматыда мүгедек балалардың құқығын қорғау туралы өтіп жатқан жиында сөйлеп тұр. 7 желтоқсан 2017 жыл.

"Қазақстанда денсаулығы мен психикалық дамуында кінәраты бар балаларды қоғам да, білім беру жүйесі де шеттетеді" деп мәлімдеді бейсенбіде Алматыда мүгедек балалары бар ата-аналар қатысқан жиында құқыққорғаушы Айгүл Шәкібаева.

Мүгедек баласы бар ата-аналармен жұмыс істеген Айгүл Шәкібаева "баласы мүгедек баласы отбасылардың құқықтық сауаты төмен" екенін айтады. Оның сөзінше, мұндай ата-аналардың көбі баласының қандай құқықы барын білуден гөрі "баласына мемлекеттен қандай жәрдемақы ала алатыны туралы" ойлайды.

- Сондықтан, мүгедек балалар білім алмай, мамандық меңгермей, қоғамға көрінбейтін көлеңкеге айналады. Елдегі білім беру жүйесі дамуында кінәраты бар балаларды шеттетеді. Мемлекет те, қоғам да мүгедек балалардың құқығын сақтау, тіпті құрметтеу туралы жақсы түсіне бермейді. Олармен қарым-қатынас көбіне қайырымдылық немесе медициналық көмек көрсету тұрғысында орнатылады. Яғни, "алдымен баланы емдеп алуымыз керек, содан кейін ғана ол қоғамның бір бөлігі бола алады деген түсінік бар, - дейді Айгүл Шәкібаева.

Құқық қорғаушы келтірген деректер бойынша, Қазақстанда инклюзивті мектептерде білім алатын 45 пайыз мүгедек баланың тек 1 пайызы мамандық алып шығады.

XS
SM
MD
LG