Accessibility links

Астана: Иерусалим мәртебесі БҰҰ қарарымен анықталуы тиіс


Астанадағы Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
Астанадағы Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қазақстан Иерусалимнің мәртебесін анықтау мәселесінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын басшылыққа алатынын мәлімдеді.

СІМ 7 желтоқсанда таратқан мәлімдемесінде Қазақстанның Иерусалим мәртебесіне қатысты шиеленістің күшеюіне алаңдайтыны және мүдделі тараптарды ұстамдылыққа шақыратыны айтылады.

Астана Иерусалимнің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі және Бас ассамблеясының 1947, 1967, 1973 және 2016 жылдардағы қарарлары мен 2002 жылғы Араб бейбіт бастамасы келісіміне сай бекітілген мәртебесін қолдайтынын білдірді.

"Палестина-Израиль жанжалы 1967 жылғы келісім бойынша анықталған және астанасы Иерусалимнің шығысы деп қаралған Палестина мемлекетін құруды көздейтін, "екі халыққа - екі мемлекет" принципі бойынша шешілуі тиіс" делінген мәлімдемеде.

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 желтоқсанда Иерусалимді Израиль астанасы деп ресми түрде танитынын мәлімдеген. Ол сонымен қатар Израильдегі АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруді тапсырған.

XS
SM
MD
LG