Accessibility links

Тиллерсон Лавровпен кездесуінің нәтижесін айтудан бас тартты


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп тұр. Вена, 7 желтоқсан 2017 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп тұр. Вена, 7 желтоқсан 2017 жыл.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Венада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінің нақты нәтижесі туралы айтудан бас тартты. Ол Украинада БҰҰ бітімгерлік күштерін құру туралы мәселені бір кездесумен шешіп тастауға болмайтынын, бірақ "жақсы диалог басталып келе жатқанын" мәлімдеді.

Тиллерсон ЕҚЫҰ-ның Украинадағы Арнайы мониторинг миссиясы мүшелерімен де кездесті. АҚШ Мелмекеттік департаментінің хабарлауынша, Тиллерсон Украинадағы ЕҚЫҰ миссиясының жұмысын жоғары бағалаған. "Біз мониторинг командасы атқарып жатқан жұмысты, сіздердің рөлдеріңізді жоғары бағалаймыз" деді Тиллерсон. Ол өзі және Мемлекеттік департаменттің Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкердің Украинадағы шиеленісті бәсеңсітіп, адам өмірін сақтап қалуға күш салып жатқанын айтты.

Бұған дейін Тиллерсон Украинадағы Ресей басқыншылығы Ресей мен АҚШ қарым-қатынасын дұрыстауда әлі де басты кедергі болып отырғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG