Accessibility links

Мұғалімге қарсы шағым осымен екінші рет қаралмады


Мұғалым Гүлжан Сәлімбаева сотта отыр. Шымкент, 7 желтоқсан 2017 жыл.
Мұғалым Гүлжан Сәлімбаева сотта отыр. Шымкент, 7 желтоқсан 2017 жыл.

Шымкенттегі Абай аудандық соты жұма күні 38-мектептің мұғалімі, "міндетінен тыс жұмысқа тартылып, директордан қысым көргенін" айтқан Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен мектеп директоры Айман Жүсіпова мен оның орынбасарлары Дана Асылбекова және Айжамал Қозыбекова түсірген шағымды соттылығына байланысты қарамауға ұйғарым етті деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Бұдан бұрын Еңбекші аудандық соты бұл істі қарауға жатпайды деп кері қайтарған.

Судъя Бақытжан Усманов айыпталушы Гүлжан Сәлімбаеваның тұрғылықты мекенжайы Абай ауданының территориясына кірмейтіні анықталғандықтан істі қараудан бас тартып, Әл-Фараби аудандық сотына жолдауға ұйғарым етті. "Әл-Фараби аудандық соты істі қарай ма, жоқ па ол жағын соттың өзі шешеді" деді судья.

Кеше кешке сот алды тыңдау кезінде Гүлжан Сәлімбаеваның сенімді өкілі Маржан Аспандиярова соттан айыпталушының тұрғылықты жері Абай ауданы емес, әл-Фараби ауданына қарайтындықтан істі қараусыз қалдыруды сұраған.

Алдын-ала тыңдау кезінде судъя екі тарапты бітімге келуге шақырған.

ОҚЫҢЫЗ: Арашашылар мұғалім мен директорды татуластыра алмай тарады

XS
SM
MD
LG