Accessibility links

Израиль Газа секторына әуеден соққы берді


Израиль күштерінің әуе соққысынан қаза тапқан адамды жерлеу рәсімі. Газа, 9 желтоқсан 2017 жыл.
Израиль күштерінің әуе соққысынан қаза тапқан адамды жерлеу рәсімі. Газа, 9 желтоқсан 2017 жыл.

Израиль күштерінің Газа секторына берген әуе соққылары салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарлады желтоқсанның 9-ы күні ХАМАС радикалдық тобы. Израиль әскери басшылығы Газа секторынан жасалған зымыран шабуылдарына жауап ретінде ХАМАС-тың әскери мақсаттағы нысандарына бірнеше соққы берілгені туралы мәлімдеді.

Палестина территорияларда сенбі күні палестиналық демонстранттар мен Израиль әскерилері арасында тағы да қақтығыстар болды. Жергілікті баспасөз құралдарының хабарлауынша, қақтығыстар салдарынан бірнеше адам жарақат алған. Ондаған палестиналық автокөлік дөңгелектерін өртеп, израильдік сарбаздарға тас лақтырған.

Желтоқсанның 6-сында АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп тану және Тель-Авивтегі АҚШ елшілігін соған көшіру туралы шешімін жариялағаннан кейін израильдіктер мен палестиналықтардың арасы шиеленісіп кетті. Иерусалим қаласы мен палестиналық территорияда демонстранттар мен Израиль әскері арасындағы қақтығыстар салдарынан екі адам қаза тауып, кемінде 760 адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG