Accessibility links

Жээнбеков түркітілдес елдермен қатынастың маңызы туралы айтты


Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясы кеңесі отырысының делегаттарымен бірге. Бішкек, 8 желтоқсан 2017 жыл.
Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясы кеңесі отырысының делегаттарымен бірге. Бішкек, 8 желтоқсан 2017 жыл.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков желтоқсанның 8-і күні Бішкекте түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясы делегацияларының басшыларымен кездесті деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Жээнбеков Қырғызстан түркітілдес мемлекеттер арасында өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген достық қарым-қатынастарды дамыту және нығайтудың зор маңызы бар деп білетінін айтқан.

"Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясы қысқа мерзім ішінде мемлекеттеріміздің парламенттері үшін маңызды диалог алаңына айналып отыр. Әлуеті зор ұйымға халықаралық құштарлық да артып келеді", - деген қырғыз президенті.

Жұма күні Бішкекте түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясы кеңесінің 8-отырысы өтті. Түркі тілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің қауымдастығы. Бұл жолы Бішкектегі парламенттік ассамблея кеңесі жиынына Венгрия өкілі бақылаушы ретінде, Өзбекстан парламентінің делегациясы – құрметті қонақ ретінде қатысты.

XS
SM
MD
LG