Accessibility links

Ресейде "Маяк" зауыты жерін радиоактивті қалдықтан тазартпақ


Табличка с предостережением о радиации в Озерске. Иллюстративное фото.
Табличка с предостережением о радиации в Озерске. Иллюстративное фото.

Ресейдің мемлекеттік "Росатом" корпорациясы Челябинск облысы Озерск қаласындағы "Маяк" зауытының өткен ғасырдың ортасында радиоактивті қалдықтармен ластанған аумағын тазартуға конкурс жариялады. Жақында атмосфераға рутений-106 радиоактивті заты тарағаны туралы жанжал шыққанда баспасөз құралдары осы кәсіпорындағы жағдай туралы да бірнеше рет атап жазған.

Оқи отырыңыз: Еуропаға радиоактивті бұлт Ресейден тараған ба?

Конкурс шарты бойынша, мердігер 2018 жылғы қазан айының соңына дейін 30 мың шаршы метр аумақты құрылыс қалдығы, металл сынықтары мен ағаштардан тазартуы тиіс. Құжатта аталған аумақ 1957 жылы "Маяк" зауытында болған апат пен арада он жыл өткенде көл тартылған кезде ластанғаны айтылған.

Биыл қарашаның басында еуропалық мамандар рутений-106 радиоактивті бұлтты тіркеген болатын. Олар радиоактивті зат Ресейдің Челябинск облысы аумағынан тараған болуы мүмкін деген болжам жасаған. "Росатом" компаниясы ондай болжамды "негізсіз" деп санайды.

Ресейдің ауа райын бақылайтын "Росгидромет" мекемесі радиоактивті заттың тарағанын растап, бірақ атмосферадағы оның мөлшері адам өміріне қауіпті емес деп мәлімдеген. Мәскеу атом кәсіпорындарынан радиоактивті зат тарауы мүмкін деген болжамды жоққа шығарады.

Осы оқиғаны тексеру үшін құрылған арнайы комиссия бұған атмосферада жанып кеткен жасанды жер серігі себеп болуы мүмкін деген болжамға басымдық береді.

XS
SM
MD
LG