Украинаның Киев облысында елдің бас прокуроры Юрий Луценконың үйінің алдында жемқорлыққа қарсылық акциясы өтті. Сенбі күні Луценконың үйінің алдына Еуромайдан бөлімшелерінің бірі "Автомайданның" белсенділері 200-ден аса көлікпен барған. Олар бас прокурор үйіне елдегі коррупцияны меңзейтін торала жұмсақ түкті көрпені алып барған.
Акцияға қатысушылар арасында жемқорлыққа қарсы күрес орталығының бұрынғы басшысы Виталий Шабунин, Жоғарғы Рада депутаттары Владимир Парасюк, Мұстафа Найем мен Сергей Лещенко де болған. Олар Луценконы елдегі жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы жемқорлыққа қатысты істерді тергейтін тәуелсіз орган – Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның жұмысына кедергі келтіріп отыр деп айыптайды. Жұманың кешінде Киевте ұсталған Михаил Саакашвилидің жақтастары Луценконы оппозициялық саясаткерге қарсы жалған айыптар бойынша қылмыстық іс ашты деп айыптаған.
Бас прокурормен үйінде жолыға алмаған наразылар мен Луценконы қолдайтындар өзара шекісіп қалған.
Кейін Юрий Луценко наразылар оның үйіне іздеп барған кезде өзі тұтқындарды айырбастау жөніндегі кеңесте болғанын айтып, жемқорлыққа жақтасып отыр деген айыптауларды жоққа шығарған.