Accessibility links

Киевте Саакашвилиді қолдаған марш өтті


Киевтегі Михаил Саакашвилиді қолдаған акция. Украина, 10 желтоқсан 2017 жыл.
Киевтегі Михаил Саакашвилиді қолдаған акция. Украина, 10 желтоқсан 2017 жыл.

Киевте Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы, оппозициялық "Жаңа күштер қозғалысы" партиясының жетекшісі, 8 желтоқсанда ұсталған Михаил Саакашвилиді қолдаған марш өтті. "Интерфакс-Украина" агенттігі тілшісінің хабарлауынша, 10 желтоқсанда Тарас Шевченко атындағы паркте өткен акцияға бірнеше мың адам жиналды. Олар Саакашвилиді қолдаған плакаттар, партия тулары мен Украинаның мемлекеттік туын ұстап шықты. Акция "Олигархтар мен мен алып-сатарлардың бассыздығына және коррупциясына қарсы" деген ұранмен өтті.

Митингтен соң демонстранттар Саакашвилидің әйелі Сандра Рулофс бастап, лек-легімен Владимирск көшесімен жүрді.

8 желтоқсанда Саакашвили ұсталатынынан бірнеше сағат бұрын украиналықтарды 10 желтоқсанда наразылық акциясына шығуға шақырған. Украина билігінің өкілдері Саакашвилиді бұрынғы президент, 2014 жылы Ресейге қашып кеткен Виктор Януковичтің "астыртын қылмыстық тобына қатысы бар" деп айыптайды. Киев Саакашвилиді Ресеймен Украинаға қарсы астыртын сөз байласып, наразылық акцияларын ұйымдастырып отыр" деп айыптайды. Саакашвили өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Саакашвили қазір Киевтегі уақытша ұстау абақтысында отыр.

XS
SM
MD
LG