АҚШ соты Нью-Йоркте террорлық шабуыл жасады деген Сайфулло Саиповтің осы елдегі және Өзбекстандағы бар мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Күдіктінің ата-анасы үйінен, ал өзі екі фирмасынан айырылуы мүмкін.
АҚШ-та Саиповтің әйелі және балалары тұрады. Олар да баспанадан айырылуы мүмкін. Мұнан бөлек, Ташкенттегі ата-анасы тұрып жатқан үй де тәркілеуі мүмкін.
Саипов 2010 жылы АҚШ-қа көшіп барғанға дейін ата-анасымен бірге Ташкенттің "Белтепа" махалласында тұрған. New York Times басылымының жазуынша, соңғы жеті жыл ішінде Саипов АҚШ-тың жеті штатында тұрып. Бастапқыда ол Флорида штатында жүк көлігінің жүргізушісі болған. 2011 жылы Sayf Motors Inc., 2013 жылы – Bright Auto LLC деген екі фирма ашқан.
31 қазанда грин-карта ұтып алып, Америкаға келген 29 жастағы Сайфулло Саипов велосипед жүретін жолда топ адамды жалға алған жүк көлігімен қағып өткен. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті. Полиция бұл оқиғаны теракт деп атады. Саиповті ұстаған кезде, одан "Шабуылды "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының атынан жасадым" деген хат табылған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Сайфулло Саиповты өлім жазасына кесуді талап етті.