Accessibility links

Асанов Жоғарғы сот төрағасы, Қожамжаров бас прокурор болды


Жақып Асанов, Жоғарғы соттың жаңа төрағасы.
Жақып Асанов, Жоғарғы соттың жаңа төрағасы.

Қазақстан бас прокуроры Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенатқа Жақып Асановтың кандидатурасын Жоғарғы сот төрағалығына ұсынып, сенат оны қолдады.

Жақып Асановтың орнына бас прокурор болып Қайрат Қожамжаров тағайындалды. Ол бұған дейін мемлекеттік қызмет істері және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған.

Жақып Асанов бас прокурор қызметін 2016 жылдың сәуірінен бері атқарды.

XS
SM
MD
LG