Accessibility links

Жээнбеков Ташкентте Каримовтің ескерткішіне гүл қойды


Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан президенті.
Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан президенті.

"Өзбекстанға ресми сапармен барған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков сәрсенбіде Ташкенттегі Мустакиллик алаңында болды" деп деп хабарлады ресми БАҚ. Жээнбеков мұнда Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл қойды.

Қырғызстан президенті сонымен қатар Оксарой резиденциясында ашылған Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримовтің ескерткіш кешеніне де барып, гүл қойды. 2016 жылы қыркүйектің басында қайтыс болғаны ресми түрде хабарланған Ислам Каримов Өзбекстанды 27 жылға жуық уақыт басқарды. Ол Өзбекстанның қауіпсіздік күштері мен барлау қызметін елдегі өзгеше ойлайтындарға бақылау орнатуға пайдаланды.

Бұған дейін Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Жээнбеков сапар барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен, премьер-министрі Абдулла Ариповпен және парламент спикері Нигматилла Юлдашевпен кездесіп, екі жақты бірқатар құжатқа қол қоятынын хабарлаған.

Жээнбеков Өзбекстанға 13 желтоқсанда ұшып барды. Ол Өзбекстанға мемлекет басшысы ретінде бірінші рет барып отыр. Сапар 14 желтоқсанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG