Accessibility links

OIC: "Шығыс Иерусалим - Палестинаға тиесілі"


Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммитінің ашылуында сөйлеп тұрған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Стамбұл, 13 желтоқсан 2017 жыл.
Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммитінің ашылуында сөйлеп тұрған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Стамбұл, 13 желтоқсан 2017 жыл.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы Вашингтонның Иерусалимді Израиль астанасы деп тануын "АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзден шығуының белгісі" деп мәлімдеді. Ұйым Стамбулда өткен төтенше саммитінде Шығыс Иерусалимді Палестина астанасы деп атап, барлық елдерді Палестинаны мемлекет ретінде, ал Батыс Иерусалимді "окуппацияланған территория" деп тануға шақырды.

Саммиттің түйіндеме құжатында "Трамп шешімінің заңдық күші жоқ" екені, бұл қадам "экстремизм мен терроризмге түрткі болатын бейбіт келіссөзді әдейі болдырмау әрекеті" екені жазылды.

Түркия президенті Тайып Ердоған АҚШ енді Израиль мен Палестина арасына арағайын бола алмайды деген пікір айтты.

- Осы мәселеге (Израиль Палестина жанжалы - ред.) қатысты кім арағайын болатынын талқылау керек. БҰҰ-ның қалыптасқан жағдайға баға беруі қажет. Жаңа арағайын ел бейтарап болуы керек, - деді Ердоған.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Иерусалим жайлы шешімін сынады

Қарашаның соңында АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль астанасы ретінде Иерусалимді танитынын, елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру үшін мемлекеттік департаментке бұйрық бергенін мәлімдеген. Трамптың шешімі Таяу Шығыс елдерінде жаппай наразылық тудырып, Израиль мен Палестинаның даулы территорияларында қайтадан кикілжің басталған.

XS
SM
MD
LG