Accessibility links

Астана ЕАЭО Кеден кодексі туралы келісімді ратификациялады


Қырғызстанмен шекара бекетінде көліктерді тексеріп тұрған қазақстандық кеденшілер (Көрнекі сурет)
Қырғызстанмен шекара бекетінде көліктерді тексеріп тұрған қазақстандық кеденшілер (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) Кеден кодексі келісімін ратификациялау туралы" заңға қолд қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Биыл 11 сәуірде Мәскеуде қол қойылған құжат 2010 жылдың ортасынан бері қолданыста болған Кеден Одағының Кеден кодексін алмастырмақ.

Кодексті дайындағандардың айтуынша, құжат ЕАЭО-дағы кеден қызметін біртұтас реттеу, кедендегі процесті автоматтандыру үшін жасалған.

Кодекс бойынша, кеденде енді электронды декларация жасау жүйесі енгізіледі. Бұл жерде қандай да бір растайтын құжат тіркеудің қажеті болмайды. Барлық қажетті мәлімет декларацияның өзінде болады. Қағазбен декларация жасау кейбір жағдайларда ғана, мысалы, техникалық ақау туындағанда қолданылады.

Бұл құжат ЕАЭО аумағында бірыңғай кедендік реттеу шарасына көшуге негіз болуы керек. ЕАЭО кеден кодексі 2018 жылдың басында күшіне енбек.

Ресей бастаған ЕАЭО-ға Қазақстаннан өзге Армения, Беларусь және Қырғызстан да мүше.

XS
SM
MD
LG