Accessibility links

АМТ соттан кеншілер ереуілін заңсыз деп тануды сұрайды


"Тентек" шахтасындағы ереуілшілердің туыстары. Қарағанды облысы, 12 желтоқсан 2017 жыл.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы кеншілер ереуілін заңсыз деп тануды талап етіп, сотқа шағымданды деп хабарлады Азаттық тілшісі. Компания жауапкер ретінде кеншілер мен көмір өндірушілердің "Қорғау" кәсіподағын жауапқа тартуды сұрайды. Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, компания шағымды бүгін түсірген. Шағым бойынша соталды қарауға дайындық 14 желтоқсанда түске дейінгі уақытқа белгіленген.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, "АрселорМиттал Теміртау" Шахтинскіден өзге Қарағанды облысының Абай ауданы және Сарань қалалық соттарына да шағымданған.

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының төрт шахтасында жүздеген кенші төрт тәуліктен астам уақыт жер астында отыр. Жер бетіне шығудан бас тартқан кеншілер бірнеше талап қойған. Олардың ең бастылары - жалақыны 100 пайызға көбейту, зейнеткерлікке 50 жастан шығару, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемді 100 пайызға дейін толық төлеу, 2017 жылдың "13-ай жалақысын" төлеу.

Бұған дейін компания бас директоры Парамжит Калон "шахта жұмысын тоқтатып, жер астында рұқсатсыз отыру - мәселені шешпейтінін" айтып, ереуілдеп жатқан кеншілерді шахтадан шығуға шақырған болатын.

Ал облыс әкімінің баспасөз қызметі бастамашыл топ өкілдерімен кеше өткен кездесуде "АрселорМиттал Теміртау" басшысы компания кеншілер өкілдерімен шахталардағы барлық кеншілер таяу уақытта жер бетіне шыққан жағдайда ғана келіссөз бастауға даяр екенін хабарлаған.

Әкімдік компания "бұл талап орындалған жағдайда кеншілерге қатысты қандай да бір жазалаудың болмайтынына кепілдік беретінін" айтқан.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

AzattyqTV

Имамдар қатысқан жаттығу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00
XS
SM
MD
LG