АҚШ-тың жекеменшік SpaceX компаниясы жасаған Falcon-9 зымыран-тасығышы жұма күні Dragon жүк кемесін халықаралық ғарыш станциясына алып ұшты. Кеме станцияғаекі тоннадан астам азық-түлік пен ғылыми құрал-жабдықтар жеткізеді.
Falcon-9 зымыранының бірінші сатысы әуеге ұшырылғаннан кейін бес минуттан соң жерге қайтып оралды. SpaceX тұңғыш рет бір мезетте зымыранның бірінші сатысы мен жүк кемесін қайталап пайдаланып отыр.
Жоспар бойынша, Dragon жүк кемесі халықаралық ғарыш станциясына желтоқсанның 17-і күні түйіседі. Ол орбитада бір айға жуық болғаннан кейін NASA үшін ғарышта жүргізілген тәжірибе қорытындыларын алып жерге қайтып оралмақ.