Accessibility links

Алматыдағы ғимараттардың бірінен бомба іздеп жатыр


Алматы қаласы.

Алматыда полиция Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы ғимараттардың бірінен жарылғыш зат іздеп жатыр. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаменті хабарлады.

19 желтоқсанда департаментке белгісіз адам телефон шалып, Төле би мен Байтұрсынов көшесіндегі кеңселердің біріне бомба қойылғанын хабарлаған. Ғимарат аймағы қоршауға алынған. Іздеу шараларын полиция жасағы мен арнайы қызметтер, жедел әрекет ету қызметі жүргізіп жатыр.

Қазақстанда осыған дейін бомба қойылған туралы қоңырау шалу оқиғалары бірнеше рет болған. Бомба қойылған туралы ақпараттардың басым бөлігі жалған болып шығады. Қазақстанда терроризм актiсi туралы жалған хабар таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бес-алты жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG