Accessibility links

Сот орындаушылары НТС мүлкін тізімдей бастады


НТС телеарнасына сот орындалушылары келген сәт. Бішкек, 19 желтоқсан 2017 жыл
НТС телеарнасына сот орындалушылары келген сәт. Бішкек, 19 желтоқсан 2017 жыл

Бішкекте сот орындаушылары парламент депутаты Омурбек Бабановқа тиесілі НТС телеарнасының мүлкін тізімдеуге кірісті. Телеарна заңгері Амантур Абдрахмановтың айтуынша, тізімге алу телеарна бас директорының кабинетінен басталған. Сот орындаушылары есепшіден тізім жасауға негіз болатын қажетті құжаттарды сұраған.

Заңгер "Телеарна жұмысын жалғастыра ма?" деген сауалға сот ұйғарымында телеарна мүлкі бұғатталатыны туралы жазылғанын айтты. Сот орындаушылары мүлікті кімге сақтауға берілетінін әзірге айтпаған.

19 желтоқсан күні кешке НТС телеарнасының кеңсесіне сот орындаушылары мен милиция барып, Бішкектің ауданаралық сотының телеарна мүлкін тізімдеу туралы ұйғарымын көрсеткен. НТС телеарнасының үстінен сотқа шағымды "Grexton Capital LTD" компаниясы түсірген. Сот ұйғарымында НТС телеарнасы үшінші тарап ретінде көрсетілген.

Қырғызстан парламентінің депутаты, 15 қазанда өткен президент сайлауында екінші орын алған Омурбек Бабанов НТС-ке қатысты жағдайды "рейдерлік" деп атады. Сот департаментінің баспасөз хатшысы Назира Сағаналиеваның Азаттыққа айтуынша, телеарнаға "ешқандай рейдерлік" жасалмаған.

ВИДЕО: НТС телеарнасын сотқа беруші "өкіл" не дейді?

НТС-ті сотқа беруші аты-жөнін айтпады
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:16 0:00

XS
SM
MD
LG