Accessibility links

Сенат кеден кодексі жобасын мақұлдады


Қазақ-қырғыз шекарасындағы Қордай кедені. Жамбыл облысы (Көрнекі сурет).
Қазақ-қырғыз шекарасындағы Қордай кедені. Жамбыл облысы (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты бейсенбіде "Қазақстан Республикасының кедендік реттеу туралы" кодексі мен оған ілеспен түзетулер жобасын екі оқылымда мақұлдады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Сенаттың пленарлық отырысында заң жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов құжат сыртқы сауданы ұлғайтып, кедендік декларацияны тапсырғанға дейін өтініш бойынша өткізілетін тауар тізімін кеңейтетінін және кедендік процесті үйлестіретінін айтты.

Кодексте сонымен қатар Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында кедендік операцияларды оңтайландыратын бірсыпыра шаралар қарастырылған. Мысалы, қолданыстағы кодекс бойынша кедендік транзит процедурасын 24 сағат ішінде аяқтау керек болса, жаңа кодекс бойынша бұл процедура жұмыс уақытының 4 сағатынан аспауы тиіс. Бұған қоса, қажет болған жағдайда транзиттік жүкті тексеру мерзімін 10 күннен 5 күнге дейін қысқарту қарастырылған.

Кеден кодексіне енгізілетін түзетулер жобасы қабылданса, алты кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

XS
SM
MD
LG