Accessibility links

Жезқазғанда "Қазақмыс" кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты


Қарағанды облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» компаниясының кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері. Компания баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 19 желтоқсан күні Tranco Zhezkazgan мердігер мекемесінің жұмысшысы жұмыс орнында мерт болған. Компания жұмысшы қазасын жазатайым оқиға деп атайды.

Today.kz сайтының хабарлауынша, жұмысшы «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған кен байыту фабрикасы территориясында қаза тапқан. Кейбір ақпараттарға қарағанда, қайғылы оқиға кәсіпорындағы бақылау камерасына жазылып қалған. Видео жазба әлеуметтік желілерде тарады.

«Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаны тексеретін арнайы комиссия құрылды» деп хабарлады компания баспасөз қызметі.

Өткен айдың соңында «Жезқазғантүстіметал» өндірістік бірлестігінің Оңтүстік-Жезқазған кенішінде жұмысшылар жалақыны көтеруді, жұмыс жағдайын және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуды талап еткен. Кейін корпорация жұмысшылармен арадағы дауды шешкенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG