Жаңаөзен қаласының әкімі болып Әділбек Дауылбаев тағайындалды деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Дауылбаев бұған дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болған.
2015 жылдың шілдесінен осы кезге дейін Жаңаөзен қаласының әкімі болған 55 жастағы Елубай Әбілов «денсаулығына байланысты өз еркімен» қызметінен кеткен.
Әділбек Дауылбаев 2001 жылдан бері облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасында жұмыс істеген. Ол Қарақия ауданына 2009 жылы әкім болып тағайындалған.