Accessibility links

Алматы облысында бірнеше полицей тұтқындалды


Адамдарды ұстап бара жатқан полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Адамдарды ұстап бара жатқан полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Алматы облысы Қапшағай қаласында есірткі саудасымен айналысатындарға қамқорлық танытты деген күдікпен төрт полиция қызметкері тұтқындалды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Алматы облыстық прокуратурасының хабарлауынша, полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық департаменті және облыс прокуратурасы есірткі заттарын таратушыларды анықтау үшін бірлесіп жүргізген құпия тергеу шарасы барысында ұсталған. Тергеу кезінде Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің төрт қызметкері "есірткі сатушыларға қамқорлық танытқаны" анықталған. Олармен бірге есірткі заттарын өткізді деген екі күдікті ұсталған. Күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 297 -бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") және 361-бабы ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") бойынша іс қозғалған.

Поицейлерге қарсы іс арнайы прокурорлардың қарауында. Прокуратура тергеу құпиялығына байланысты ұсталған полицейлердің аты-жөнін, я басқа да мәліметтерді айтпай отыр.

XS
SM
MD
LG