Accessibility links

Мемлекеттік дума Сириядағы Ресей базасы туралы келісімді мақұлдады


Сирияның Тартус портында тұрған Ресейдің "Адмирал Кузнецов" әскери кемесі.
Сирияның Тартус портында тұрған Ресейдің "Адмирал Кузнецов" әскери кемесі.

Ресей парламентінің төменгі палатасы Сириямен Тартустағы Ресейдің әскери-теңіз флотын жалға алу мерзімін 49 жылға ұзарту туралы келісімді ратификациялады. Мемлекеттік дума келісімді 21 желтоқсанда – Ресей президенті Владимир Путин әскерилерге Сириядағы Ресей әскерінің «көп бөлігін» шығаруға бұйрық бергеннен 10 күннен соң мақұлдады. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Федерация кеңесінің депутаты, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Франц Клинцевич парламенттің жоғарғы палатасы келісімді 26 желтоқсанда ратификациялайтынын айтты.

Ресей Сириядағы азамат соғысында Сирия президенті Башар Асад күштерін қолдайды. Ресей 2015 жылдың күзінде Сирияда «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы мен АҚШ қолдайтын көтерілісшілерге қарсы соғыста әуеден қолдау көрсету операциясын бастаған.

Ресей Тартус базасын 2015 жылдан бері пайдаланады. Ресей Сириямен келісімді ратификациялау арқылы алдағы 49 жылда базада 11 әскери кеме, оның ішінде ядролық энергетикалық қондырғылармен жабдықталған кеме ұстауға рұқсат алады.

XS
SM
MD
LG