Accessibility links

Бизнесмен Полонский Ресей президенттігіне ұсынылды


Сергей Полонский, Ресей президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған бизнесмен.
Сергей Полонский, Ресей президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған бизнесмен.

Ресейлік бизнесмен Сергей Полонский 2018 жылы өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды. Полонский штабының басшысы Максим Шингаркинге сілтеме жасаған РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, бизнесменді сайлауға ұсынған бастамашыл топ жиынына 500-ден астам адам қатысты.

Сергей Полонский Мәскеуде өткен сайлаушылар жиынында «қазір муниципалдық басқарудың, ал болашақта мемлекеттік басқарудың негізі болатын» әлдебір «ашық компьютерлік платформасын» таныстырды.

24 желтоқсанда Ресейдің бірнеше қаласында оппозиционер Алексей Навальныйды президенттікке ұсынуды қолдаған жиын өткен. 700-ден астам адам қатысқан жиында Навальный егер өзін сайлауға қатыстырмаса, «бүкілресейлік сайлаушылар шеруін" өткізетінін мәлімдедген.

Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызына белгіленген. Сайлауға Полонский мен Навальныйдан өзге тележүргізуші Ксения Собчак, кәсіпкерлер құқығын қорғайтын уәкіл Борис Титов, Ресей либералдық-демократиялық партиясының (ЛДПР) жетекшісі Владимир Жириновский, «Яблоко» партиясын құрған Григорий Явлинский, Ресей коммунистік партиясы атынан Ленин атындағы совхоздың директоры Павел Грудинин және қазіргі президент Владимир Путин қатыспақ.

24 желтоқсанда сайлауға түсетіні туралы кремльшіл журналист Олег Лурье де мәлімдеме жасаған. Оның сөзінше, өзін қолдайтын бастамашыл топтың жиыны өтіп қойған. Лурье Facebook-те «алдамшылар және ұрылармен күресті сайлауалды бағдарламамның негізі деп білемін» деп жазды. Оның пікірінше, ұрылар мен алдамшылар қатарында «Навальный де бар».

XS
SM
MD
LG