Accessibility links

Шымкенттік белсенді қамаудан кепілмен босатылды


Сүйін Абулда, Шымкенттік белсенді. (Суретті автор өзі ұсынған).
Сүйін Абулда, Шымкенттік белсенді. (Суретті автор өзі ұсынған).

Шымкентте "жалған куәлік берді" деген айыппен екі айға қамауға алынған азаматтық белсенді Сүйін Абулда кепілмен қамаудан босатылды. Бұл туралы Азаттыққа белсендінің өзі хабарлады.

Оңтүстік Қзаақстан облыстық сотының судьясы Бүркіт Байдуллаевтың Азаттыққа айтуынша, күдікті аудандық соттың қаулысына апелляциялық шағым түсірген. «Кепіл мен оның мөлшерін айқындап бердік. Тағайындалған кепілді қойса күдіктіні босатуға болады» деді судья.

- Маған "жалған куә болдың" деп айып тағып отыр. Бұл істі азаматтық белсенділігіммен байланысты, саяси астары бар деп білемін. Кімнің, қандай мақсатта іс қозғатқанын білмеймін. Кепілге шығуымның өзінде үлкен машақат болды. Қазір босап шықтым, - дейді азаматтық белсенді Сүйін Абулда.

8 желтоқсанда Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты Сүйін Абулданы екі айға қамауға алу туралы санкция берген. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 420-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалған. Белсендіге "алаяқтық ісі бойынша жалған куәлік бергені үшін" айып тағылған.

Белсенді куәлік бергенін растағанымен, айтылған сөзін «бұрмалаған» деп біледі.

Сүйін Абулда 2016 жылдың 18 мамыры күні жер мәселесі бойынша митинг өтуі мүмкін екені туралы хабар таратқаны үшін 15 тәулікке қамалған. Сол уақытта бірнеше қалада үкіметтің жер реформасына қарсы тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең ауқымды әлеуметтік наразылық акциялары өткен еді.

XS
SM
MD
LG