Accessibility links

Назарбаев өз атына көше беруді "әурешілік" деп атады


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада 22 желтоқсанда қазақстандық бірсыпыра БАҚ өкілдерімен өткізген жабық кездесуінде өзіне ескерткіш орнатып, атына көше беруді «әбігерге түсу» және «жергілікті биліктің шешімі» деп атады.

«Таяуда біреулер маған хат жазды. Назарбаевқа тас ескерткіштер керек емес, ол астананы тұрғызып қойды. Мен онымен толық келісем. Мұның барлығы әбігерлік» деді Назарбаев жылды қорытындысына арналған кездесуде. Ол университетке өз атын беруге келіскенін айтты.

«Қалған барлығы – жергілікті биліктің шешімі. Әрине, жарлық шығарып, бұның барлығына тыйым сала аламын. Осы жерде бүкіл қазақстандыққа жария түрде айтамын: бұлай істеудің керегі жоқ... Тарихта өз ісіңмен қалуың керек. Ұзақ өмір сүргеніңмен, я қандай да бір ескерткіштермен емес» деп мәлімдеді Назарбаев. Президент сөзінің үзінділері дүйсенбіде ресми баспасөзде жарияланды.

Өткен айда Алматы қалалық мәслихатының депутаттары қаладағы орталық көшелердің бірі – Фурманов көшесін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп өзгерткен. Қазақстанда атап өтілетін Тұңғыш президент күні қарсаңында қабылданған мұндай шешімді билік «тұрғындардың ұсынысынан туындаған» деп түсіндірген.

ОҚЫҢЫЗ: Фурманов көшесін Назарбаев даңғылы деп өзгерту "шешімі қабылданды"

«Уақыты өткен соң ескерткіштердің не болатынын тарихтан білеміз. Жарайды атымды қойыпсыздар... Әйтеуір Фурмановты ауыстырыпсыздар... Рахмет. Бірақ бұлай істеудің керегі жоқ еді» деді Назарбаев.

ВИДЕО: Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болмақ (30.11.2017)

Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болмақ
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:16 0:00

AzattyqTV

AzatNews 15.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:14 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG