Accessibility links

Ақтөбе облысы: Жастар арасында қылмыс көбейген


Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі.
Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі.

Ақтөбе облысында жастар арасындағы қылмыс 43 пайызға көбейіп кеткен. Бұл туралы 25 желтоқсан күні облыстық әкімдікте өткен жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында Бердібек Сапарбаев жастарды жұмыспен қамту, бұқаралық спортқа тарту, оларға арналған іс-шаралар ұйымдастыру барысы туралы түрлі басқарма басшыларының есебін тыңдады.

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаровтың сөзіне қарағанда, қазір жастар арасындағы жұмыссыздықтың ресми көрсеткіші 3,2 пайызды құрап отыр.Отаров мұның республикалық көрсеткішке қарағанда «тәуірлеу» екенін айтады. Ал жастарға қатысты қылмыс көрсеткіші биыл нашарлап кеткен.

Полицияның мәліметінше, биыл 14 пен 29 жас аралығындағы 2512 ақтөбелік қылмыстық жауапқа тартылған. Осы аралықта облыс жастары 295 ауыр, 25 аса ауыр қылмыс жасаған. Полиция жастар арасында қыз зорлау дерегінің 43,8 пайызға, бопсалаудың 60 пайызға көбейгенін айтады.

XS
SM
MD
LG