Accessibility links

Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барады


Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 25 желтоқсан 2017 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 25 желтоқсан 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбіде жұмыс сапарымен Мәскеуге барады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мәскеуде ол ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатыспақ. Назарбаевтың сапары 27 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ресей президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТМД басшыларының кездесуінде Ресей ұйымға төраға болған 2017 жылдың қорытындысы жасалып, президенттер түрлі саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмаспақ.

Жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатыспақ.

XS
SM
MD
LG