Accessibility links

Собчак кандидаттыққа үміткер атанды


Ксения Собчак. 29 қараша 2017 жыл.
Ксения Собчак. 29 қараша 2017 жыл.

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) тележүргізуші Ксения Собчакқа елдегі сайлауға қатысуға рұқсат етті. Бұл туралы Собчактың сайтында хабарланды. Тележүргізуші сайлауға "Азаматтық бастама" партиясынан түседі. Енді ол 2018 жылы өтетін Ресей президентінің сайлауына кандидат атануы үшін жүз мың сайлаушының қолын жинауы керек.

Ксения Собчак өзін "бәріне қарсы" кандидат атайды. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарының арасында тележүргізушінің сайлауға өтуіне президент әкімшілігінің қатысы бар деп жазғандар болды. Собчак "Кремльмен байланысы бар" деген айыптауларды мойындамай келеді.

Мұның алдында ОСК оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан. Жауап ретінде Навальный "жалпыресейлік сайлаушылар ереуіліне" шақырған.

Собчак Навальныйды сайлауға өткізбеуді "биліктің кезекті қателігі мен сорақы әділетсіздік" деп атаса да сайлауға бойкот жариялаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG