Accessibility links

Путин сайлауға қатысу үшін комиссияға құжатын тапсырды


Ресей президенті Владимир Путин Орталық сайлау комиссиясында отыр. Мәскеу, 27 желтоқсан 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Орталық сайлау комиссиясында отыр. Мәскеу, 27 желтоқсан 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Орталық сайлау комиссиясына 2018 жылдың наурызында өтетін президент сайлауына қатысу үшін құжаттарын тапсырды. Ресейлік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, комиссия мүшелері Путиннен құжатын қабылдап алғаны туралы хаттама толтырған.

Путин президент сайлауына кандидат ретінде 26 желтоқсанда Мәскеудің ВДНХ павильонында өткен жиында ұсынылған. Бастамашыл топ жиынына билік өкілдерінен өзге мәдениет, спорт және шоу-бизнес өкілдері де қатысқан. Путиннің өзі бұл шарада болмады. Кремль мұның алдында Путиннің «жұмыс кестесі тығыз, қолы босамайтындықтан» бастамашыл топ жиынына қатыспайтынын хабарлаған.

Путиннің жасы қазір 65-те. Ол Ресейді 1999 жылдың аяғынан бері басқарып келеді. Ол төрт жыл үкімет басшысы, 13 жыл ел президенті ретінде билікте отыр.

XS
SM
MD
LG