Accessibility links

Қазақстан үкіметі делегациясы Қырғызстанға барады


Эрлан Абдылдаев. Қырғызстан сыртқы істер министрі.
Эрлан Абдылдаев. Қырғызстан сыртқы істер министрі.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Асқар Мәмин бастаған делегация қаңтар айының соңында Қырғызстанға барады. Бұл туралы журналистерге Қырғызстан сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев хабарлады. Оның айтуынша, екі ел үкімет өкілдері Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің Астанаға сапары кезінде келісілген бағыттарды, оның ішінде жол картасын іске асыру жайын талқылайды.

«Бұл құжатта 50 шақты шара қамтылған. Бүгінге дейінгі ақпарат бойынша, олардың жартысы толық орындалған. Ал жүйелі шараларды орындауға уақыт керек. Біз де, Қазақстан жағы да заңдар қабылдауға тиіспіз» деді Абдылдаев.

Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға ресми сапарын 25-26 желтоқсан күндері жасаған. Кездесу қорытындысында ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау туралы келісімге қол қойған. 26 желтоқсанда Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Жээнбековтің Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен екі ел арасындағы даулы мәселелерді шешу үшін Еуразия экономикалық одағы аясында өзара ынтымақтастық орнату туралыкелісім жасасқанын хабарлаған

XS
SM
MD
LG