Accessibility links

ҰҚК: Астанада "терроризмді насихаттаған" үш адам ұсталды


Күдіктілерді ұстау операциясына қатысып жатқан ҰҚК қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Күдіктілерді ұстау операциясына қатысып жатқан ҰҚК қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 28 желтоқсанда "терроризмді насихаттады" деген күдікпен үш адамды қамауға алғанын хабарлады.

"Ұсталған күдіктілер өздерінің айналасында халықаралық террорлық ұйымдарға қолдау көрсетуге шақырған. Шетелге барып, оларға қосылуға үндеген. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр" деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Қараша айының аяғында Алматы полициясы "қоғамдық тәртіпті бұзатын акция" ұйымдастырмақ болған күдікті топтың ұсталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG