Accessibility links

БАҚ: Рақышев алтын өндіретін ресейлік компания акциясын иеленді


Кеңес Рақышев, қазақстандық бизнесмен.

Қазақстандық бизнесмен, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы Кеңес Рақышев Ресейдің алтын өндіретін Petropavlovsk компаниясы иегерлерінің бірі атанды деп хабарлады Reuters агенттігі. БАҚ 38 жастағы Кеңес Рақышев кәсіпорын үлесін ресейлік миллиардер Виктор Вексельбергтің Renova Group компаниясынан сатып алғанын хабарлады.

Renova Group компаниясы Reuters агенттігіне Petropavlovsk компаниясы акциясының 22 пайызын сатып алу келісімі аяқталғанын растағанымен, оның мән-жайы туралы айтудан бас тартқан.

«Интерфакс» агенттігі Кеңес Рақышевтің ресейлік компания акциясына өзі қадағалайтын кипрлік Fincraft Holdings Ltd. Фирмасы арқылы ие болғанын хабарлады.

Reuters-тің мәліметінше, Petropavlovsk компаниясының нарықтағы капиталы биыл 8 пайызға (331 миллион долларға дейін) өскен. Ресейдегі ең ірі алтын өндіретін компаниялардың бірі саналатын Petropavlovsk-нің бас кеңсесі Лондонда орналасқан. Компания Ресейдің Қиыр Шығысы мен Амур облысындағы алтын кеніштерін игереді.

Қазақстандық Forbes журналы Кеңес Рақышевтің байлығын 705 миллион долларға бағалайды. Басылым мәліметінше, Рақышев SAT & Company өндірістік холдингі акциясының бақылау пакетіне ие. Оның Standard сақтандыру компаниясында, Central Asia Metals Plc металлургиялық компаниясында және транзакция қызметін көрсететін NetElement компаниясында үлесі бар. Рақышев биыл Казкоммерцбанктегі 86,09 пайыз акция пакетін «Халық банкіне» 1 теңгеге сатқан.

Кеңес Рақышев әр жылдары Қазақстан премьер-министрі, қорғаныс министрі, Алматы әкімі, президент әкімшілігінің жетекшісі болып қызмет атқарған 61 жастағы Иманғали Тасмағамбетовтің қызы Әсел Тасмағамбетоваға үйленген. Тасмағамбетова 2017 жылы ақпанда Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалған.

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG