Accessibility links

Астана рохинджа мұсылмандарына көмек көрсетпек


Мьянмадағы зорлық-зомбылықтан Бангладешке бассауғалап бара жатқан этникалық рохинджа мұсылмандары. Қыркүйек 2017 жыл.

Астана Кариб қоғамдстығы (Caribbean Community - CARICOM) ұйымы мен Бангладештегі Мьянманың этникалық рохинджа мұсылмандарына жүздеген мың доллар гуманитарлық көмек көрсетпек. Қазақстан үкіметінің бұл туралы қаулысы құқықтық актілер сайтында жарияланды.

Қолданысқа енгізілген қаулыға сай, Қазақстан Антигуа және Барбуда аралдағы мемлекеттеріне жойқын дауыл салдарын жоюға 50 мың доллар, CARICOM-ға 100 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек жөнелтпек. Сонымен қатар үкімет қаржы министрлігіне Бангладештегі рохинджа мұсылмандарына 500 мың доллар бөлуді тапсырды.

Қаулы бойынша, ресми көмек «2017 жылдың республикалық бюджетінде Қазақстан мен басқа мемлекеттердегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған шұғыл резервтен» бөлінбек. Бөлінген қаржы қаулыда көрсетілген банк есепшотына аударылуы тиіс.

Мьянмада зорлық-зомбылық өршігеннен кейін ол елден мыңдаған рохинджа мұсылмандары бассауғалап көрші Бангладешке қашып барған еді. БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтату шараларын жасауды ұсынған.

Астанада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мьянмадағы жанжалға қатысушы тараптарды зорлық-зомбылықты тоқтатып, БҰҰ аясында диалогты жалғастыруға шақырған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG