Accessibility links

Киевте Степан Бандераны еске алған шеру өтті


Украин ұлтшылдарының көсемі Степан Бандераның туғанына 109 жыл толуына арналған шеруге қатысушылар. Киев, 1 қаңтар 2018 жыл.
Украин ұлтшылдарының көсемі Степан Бандераның туғанына 109 жыл толуына арналған шеруге қатысушылар. Киев, 1 қаңтар 2018 жыл.

Қаңтардың 1-і күні Киевтің орталығында жүздеген адам "Отты шеруге" шығып, украин ұлтшылдарының көсемі Степан Бандераның туғанына 109 жыл толуын атап өтті. Шеруді жалпыукраиндық "Свобода" бірлестігі, "Правый сектор" және Ұлттық корпус ұлтшылдары ұйымдастырған. Олар қала орталығымен жүріп өткен.

Ұлтшылдар шеруі кезінде Ұлттық полиция оларға ілесіп отырды деп хабарлайды украиналық баспасөз құралдары. Киевтің орталығындағы Тәуелсіздік алаңында (Майдан Незалежности) митингі өткен. Онда сөйлеген украин ұлтшылдары "биліктің әр қадамын бақылап отырғандары" туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG