Accessibility links

Киевте құқық қорғаушының өлімінен соң наразылық танытты


Киевте құқық қорғаушы Ирина Ноздровскаяның қазасына наразылық білдіруге жиналғандар құқық қорғаушының суретін ұстап тұр. 2 қаңтар 2018 жыл.
Киевте құқық қорғаушы Ирина Ноздровскаяның қазасына наразылық білдіруге жиналғандар құқық қорғаушының суретін ұстап тұр. 2 қаңтар 2018 жыл.

Киевте 2 қаңтарда 200-ге тарта адам облыстық полиция басқармасының алдына жиналып, құқық қорғаушы Ирина Ноздоровскаяны өлтірген адамды тауып, жазалауды қазасын талап етті. Жиналған жұрт сонымен қатар Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков пен облыстық полиция басшысы Дмитрий Ценовтың отставкаға кетуін де талап етті.

29 желтоқсанда із-түзсіз жоғалған Ирина Ноздровскаяның жансыз денесі 1 қаңтарда Киев түбінде өзеннен табылған. Киев облысының прокуратурасы мен Ұлтық гвардия 2 қаңтарда құқық қорғаушының өлімін «қастандықпен кісі өлтіру» деп атап, тергеуді мұқият бақылауға алғанын хабарлаған.

Құқық қорғаушы соңғы екі жылда 2015 жылы қыркүйекте аудандық судьяның туысы Дмитрий Россошанский көлігімен қағып өлтірген әпкесінің өлімін тергеумен айналысып жүрген. Ноздровская сотта бірнеше рет сөйлеп, айыпталушы мен оның туыстары тарапынан қоқан-лоқы көргенін мәлімдеген. Ол соттың Россошанскийді 7 жылға соттауына қол жеткізген. 27 желтоқсанда ол Киев облысының апелляциялық соты істі қайтадан қарауға жібергенін хабарлаған болатын.

Көпшілік жұрт бұл істі Украина сот жүйесінің билікпен байланысы бар адамға қаншалықты түрде әділетті түрде жазасын беретініне сынақ ретінде қабылдаған. Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Ноздровскаяның қазасын «мемлекетке қауіп-қатер төндіру» деп атады.

«Бұл – украин қоғамының әйел белсенділерді қорғай алатынына және жалпы әділеттілікті орната алатынына сынақ болмақ» деп жазды Климкин Twitter-де.

АҚШ-тың Киевтегі елшілігі Ноздровскаяның қазасы «естен тандырып, қайғыға батырғанын» мәлімдеп, оған кінәлілер «жазасын тартуы тиіс» екенін айтты.

Киевте наразылық танытқандар құқық қорғаушы өлімін тергеумен Киев қаласының тергеушілері айналысуын талап етті. Наразылар Киев облыстық құқық қорғау органдарына сенбейтіндерін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG