Accessibility links

Трамп: АҚШ-тың "ядролық түймешесі" Пхеньяндікінен әлдеқайда үлкен


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ прездиенті Дональд Трамп «АҚШ-тың ядролық түймешесі Солтүстік Кореянікінен әлдеқайда үлкен екенін» мәлімдеді. Бұл туралы ол Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның жаңа жылда халыққа арнаған үндеуінде үстелінде «ядролық түймешесі» барын және Солтүстік Кореяның «АҚШ-тың кез-келген жеріне жететін қаруға ие екенін» мәлімдегеніне жауап ретінде айтты. Бірақ Ким Чен Ын қаруды Пхеньянның қауіпсіздеген қатер төнген жағдайда ғана пайдаланатынын ескерткен.

«Бұл – қоқан-лоқы емес, рас нәрсе» деген Ким Чен Ын Пхеньян келесі айда Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысуға ынталы екенін айтып, бұл бағытта Оңтүстік Кореяны келіссөзді қайта бастауға шақырған.

Трамп екі ел арасында қандай да бір келіссөздің қайта басталатынына күмәнданатынын айтты. Бірақ Оңтүстік Корея Пхеньянмен жоғары деңгейдегі кездесуді 9 қаңтарда өткізуді ұсынды.

XS
SM
MD
LG