Accessibility links

Қазгидромет қолайсыз метеорологиялық жағдайға болжам жасамақ


Алматы үстіндегі түтін (Көрнекі сурет).
Алматы үстіндегі түтін (Көрнекі сурет).

Қазгидромет мекемесі 1 қаңтардан бастап ресми www.kazhydromet.kz сайтында 21 елді мекенде қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) бойынша жасаған болжамын жариялап отырады.

Мекеменің 3 қаңтар күні таратқан ақпаратына сай, ҚМЖ атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар – тымық, әлсіз жел, тұман, инверсиядан қалыптасады. ҚМЖ кезінде елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластанудың қаншалықты деңгейде екені жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауаның температурасына синоптикалық болжам жасау арқылы анықталады.

Қазгидромет Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қараганды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз,Өскемен, Орал, Шымкент, Ақсу, Ақсай, Балқаш, Екібастұз, Жаңаөзен, Риддер және Теміртау қалалары мен Жаңа Бұқтырма кентінде қолайсыз метеорологиялық жағдайға болжам жасалатынын айтады.

XS
SM
MD
LG