"Оңтүстік Қазақстан облысында газ бағасы қымбаттады" деп хабарлайды Азаттыққа «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалының баспасөз қызметі.
«Жеке тұлғалар тұтынатын газ бағасы өзгермейді. Газ бағасы заңды тұлғалар үшін қымбаттайды. Яғни, халыққа жылу беретін жылу орталықтары үшін мың текше газдың бағасы 25148 теңге 26 тиыннан 25447 теңге 21 тиынға қымбаттады. Жылу энергиясын өндіретін заңды тұлғалар мен басқа да заңды тұлғалар үшін мың текше метр газдың құны 26777 теңге 3 тиыннан 27075 теңге 98 тиынға өсті. Жеке тұлғалар үшін газдың бағасы қымбаттаған жоқ» делінген хабарламада.
ОҚО-да газ бағасы соңғы рет 2017 жылдың тамыз айында қымбаттап, жеке тұлғалар үшін бір текше метр газ бағасы 34 теңге 5 тиын болып бекітілген.