Accessibility links

БҰҰ Ирандағы шерулерде күш қолданбауға шақырды


Тегеранда шеруге байланысты орналастырылған қауіпсіздік күштерінің жасақтары. Иран, 2 қаңтар 2017 жыл.
Тегеранда шеруге байланысты орналастырылған қауіпсіздік күштерінің жасақтары. Иран, 2 қаңтар 2017 жыл.

Иран билігі наразылық акциялары бәсеңсіп бара жатқанын мәлімдеп жатыр. Бірнеше қалада Ислам революциясын қорғау корпусының күштері орналастырылған. Бірнеше жерде көшеге шыққандар мен полиция әлі де қақтығысып жатыр. Ресми хабарлама бойынша, Иранның батысында демонстранттармен қақтығыста қауіпсіздік қызметінің үш сарбазы қаза тапқан. Үкіметке қарсы шерулер басталғалннан бері демонстранттар арасындағы адам шығыны 20-дан асып, жүздеген адам тұтқындалған.

Иранда жұрттың дінбасылар бақылайтын билікке қарсы шығып жатқанына бір апта болды. Наразылық Иранда қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық жағдайға қатысты талаппен басталып, ел билігіне қарсы ұрандарға ұласты. Иран билігі наразылық шерулерін сыртқы күштер ұйымдастырды деп біледі.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Ирандағы наразылық акцияларында күш қолдануды тоқтатуға шақырды. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд әл-Хуссейн Иран билігін наразылық танытып жатқандардың құқығын бұзбауға үндеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде наразылық акциясына қатысушыларды қолдап сөз сөйледі. Трамп АҚШ-тың оларға «уақыты жеткенде» көмек беретінін мәлімдеді. Ақпарат агенттігінің АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Ақ үй наразылық шерулерін басып-жаншуға қатысы бар адамдарға қарсы санкция салуы мүмкін.

Франция мен Германия болса Ирандағы оқиғаларға қатысты өзгеше ұстаным білдірді. Франция президенті Эммануэль Макрон Иран билігін азаматтардың бейбіт түрде қарсылық білдіру құқығын сақтауға шақыра отырып, Тегеранмен диалог орнатудың маңызды екенін мәлімдеді. Ол сонымен қатар АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясының Ирандағы оқиғаларға қатысты ұстанымы мен мәлімдемелерін айыптады.

ВИДЕО: Ирандықтар наразылық туралы (02.01.2018)

Ирандықтар ереуіл туралы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:35 0:00

XS
SM
MD
LG