Accessibility links

Оңтүстік Корея экс-президентіне жаңа айып тағылды


Оңтүстік Корея экс-президенті Панк Кын Хен (оң жақта) сотта тұр.
Оңтүстік Корея экс-президенті Панк Кын Хен (оң жақта) сотта тұр.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті, былтыр коррупция айыбымен қызметінен кетіліріп, қамауға алынған Пак Кын Хеге жаңа айып тағылды.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Пак Кын Хе Оңтүстік Корея арнайы қызметінің бұрынғы басшыларынан заңсыз үш миллион доллардан астам ақша алды деген күдікке ілінген.

Тергеу болжамынша, экс-президент бұл қаржыны өзінің жеке бас қажетіне, оның ішінде серігінің бизнесін қолдауға және көмекшілеріне заңсыз сыйақы төлеуге жұмсаған.

Экс-президентке ақша берді делінген арнайы қызметтің бұрынғы екі басшысына бюджет қаржысын талан-таражға салды деген айып тағылған.

Пак Кын Хе 2017 жылдың наурызында – елде коррупцияға қарсы жаппай халық толқуларынан соң президенттіктен кетірілген. Ол өзін «саяси репрессияның құрбаны болдым» деп санайды. Пак Кын Хе өзіне бұған дейін тағылған айыптар бойынша Сеулде өтіп жатқан сот процесіне ауырып жатқанын айтып, біраздан бері қатыспады. Ал адвокаттары сот процесіне қатысудан бас тартты.

XS
SM
MD
LG