Accessibility links

Қарағанды облысында автобус апатынан үш адам зардап шеккен


Жезқазған - Қарағанды тасжолында жолаушылары бар автобус аударылып, үш адам зардап шеккен деп хабарлайды Қазақпарат. Төтенше оқиға жұма күні Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Майбұлақ ауылынан екі шақырымдай жерде болған.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жұмысшылар таситын автобуста барлығы 24 жолаушы болған. Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, көлік апаты салдарынан зардап шеккен үш адам – "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Жомарт" кенішінің жұмысшылары.

Алдын ала болжам бойынша, жол апатына көктайғақ себеп болуы мүмкін. Полиция апаттың мән-жайын тексеріп жатқаны туралы хабарлады.

XS
SM
MD
LG