Accessibility links

Православтар Рождествоны тойлап жатыр


Алматыдағы Рождество мерекесіне жиналған адамдар. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы Рождество мерекесіне жиналған адамдар. (Көрнекі сурет).

7 қаңтар - православ христиандары үшін Рождество мерекесі. Осыған орай Қазақстан православтары шіркеулерінде бүгін мерекелік шаралар өтіп жатыр. Алматылықтар кеше түнде Вознесенск кафедралды соборына жиналып мерекелік литургиясын атқарды.

Әдетте 40 күндік оразадан кейін 7 қаңтарға ауған кештен бастап мол дастархан жайылып, оның соңы арнайы құлшылыққа жалғасады.

Рождество – Иса (Иисус Христос) пайғамбардың мәулеті болып табылады. Аңыз бойынша осы күні Вифлеем қалашығында Иса пайғамбар дүниеге келген.

Бұл күндері Алматыда жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі православтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Президент құттықтауында «Бұл жарқын мереке гуманизмнің, рақымдылықтың, мейірімділіктің, жақынына деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мызғымас дәстүрі ретінде қазіргі заманның дәнекеріне айналды» делінген. Назарбаев амандық, молшылық және бейбітшілік пен сүйіспеншілік тілеген.

Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес елдегі мұсылмандардың Құрбан айты мен христиандардың Рождествосы ресми мереке емес. Алайда сенбі-жексенбіге сәйкес келмеген жағдайда Құрбан айт пен Рождество мерекесі демалыс күндері ретінде жарияланған. Ресми дерек бойынша, 17 миллионнан астам тұрғыны бар Қазақстанда православ христиандары саны жағынан мұсылмандардан кейін екінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG