Accessibility links

Франция президенті Макрон Қытайға барды


Франция президенті Макронның Пекинге келген сәті. 8 қаңтар 2018 жыл.

Франция президенті Эммануэль Макрон алғаш рет Қытайға ресми сапармен барды. Макрон бұл сапары кезінде сауда, әлемдегі қақтығыстар мен ғаламдық жылыну мәселесін талқылайды.

8 қаңтарда Макрон әйелі Бриджитпен сегіз мыңнан астам терракот ескерткіші бар Сиань қаласын аралап шықты. Франциялық басылымдардың хабарлауынша, Макрон кешкісін Пекинде қытай президенті Си Цзиньпинмен кешкі ас ішеді.

Макрон Қытайға сапары алдында АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы Солтүстік Корея мен Ирандағы жағдай туралы сөйлескен. Франция президенті Қытай басшысы Си Цзиньпинмен де Солтүстік Кореядағы жағдайды талқылауы тиіс.

Қытай Солтүстік Кореяның негізгі одақтасы саналады. Ал Батыс елдері Пхеньянның ядролық қару саясатына Пекин арқылы ықпал етуді көздейді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG